Жасанды интеллект және жаңа білім беру технологиялары

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі де үздіксіз даму мен жаңаруды қажет етеді. Соның жарқын дәлелі — жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізу. Бұл — білім берудің сапасын арттырып, оқытудың тиімділігін еселейтін, студен пен оқытушылардың жұмысын жеңілдететін заманауи мүмкіндік. Жасанды интеллект арқылы оқу мазмұнын жекелеу, саралап оқыту, оқу барысын талдау және басқару сынды жаңа әдістер жүзеге асырылып жатыр. Мұндай технологиялар болашақтың бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауда үлкен рөл атқарады.
Осы орайда, Қосымша білім беру орталығының «Заманауи оқыту технологиялары» курсының лекторы, PhD, «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының меңгерушісі Жорабекова Айнур Назимбековна курстың кезекті сабағына қосымша ретінде «ЖИ және жаңа білім беру технологиялары» бойынша тыңдаушылардың ойлары мен пікірлерін тыңдап, тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.
Тыңдаушылардың пікірінше, жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласына тың серпін беріп, оқытудың үздіксіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Уақыт пен кеңістік шектеулерін жоятын ЖИ технологиялары арқылы студенттер қалаған уақытында, қалаған жерінде білім ала алады. Сонымен қатар ЖИ әрбір білім алушының қабілетіне бейімделіп, жеке оқу траекториясын ұсынады, қосымша материалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ЖИ жүйелері тапсырмалар мен тест нәтижелерін автоматты түрде талдап, білім алушының әлсіз және күшті тұстарын анықтайды. Бұл – оқытушының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, оқыту әдістерін жетілдіруге жағдай жасайд
Қорыта келгенде, жасанды интеллект білім беру мазмұнын жаңартуда тың серпін беріп, педагогикалық әдістемелерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Оның көмегімен мультимедиалық контент пен интерактивті оқу материалдарын әзірлеу жеңілдеп, білім алушылардың қызығушылығы артып, оқыту процесінің сапасы мен тиімділігі едәуір жақсарады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.