Әуезов ғалымы Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Силикаттар технологиясы және металлургия» кафедрасының докторанты Тулеев Мустафа Азатович 2025 жылдың 14 қазан 14 қараша аралығында Ресей Федерациясы Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық (техникалық университет) институтында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Санкт-Петербург қаласындағы шетелдік ғылыми тағылымдама кезеңінде ДХТ-23-6нр тобының докторанты Тулеев Мустафа Азатович «Бейорганикалық заттардың химиясы мен технологиясындағы даму векторлары» атты ғылыми-тәжірибелік семинардың қатысушысы дипломымен марапатталды.
«Ферроқорытпа мен кальций карбидін алу мақсатында мырыш оксидті кенін қайта өңдеу процесін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми баяндама Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтының (техникалық университетінің) (СПмТИ (ТУ)) «Бейорганикалық заттар технологиясы» кафедрасында 2025 жылғы 6 қарашада тыңдалды.
Біздің университеттер арасындағы ғылыми-зерттеу саласындағы өзара ынтымақтастық 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Силикаттар технологиясы және металлургия» кафедрасы осындай халықаралық ғылыми байланыстарды қолдауға мүдделі және 2026 жылғы жазғы мектеп аясында СПмТИ (ТУ) университетінің ғалымдарын ғылыми баяндама жасауға шақырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.