Жаңалықтар
«Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті
- Қаралды: 25
Бүгін университет базасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауы және М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің ұйымдастыруымен «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға өңірдегі БАҚ өкілдері, Шымкент қаласына әкімдігіне қарасты басқармаларының баспасөз-хатшылары, ЖОО өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Семинардың мақсаты – қоғамдағы медиасауаттылықты арттыру, БАҚ мамандарының кәсіби біліктілігін заманауи талаптарға сай жетілдіру, журналистика мамандығында оқитын студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасау.
Универсиеттің Басқарма мүшесі, қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Сәдібек Бейсенбаев семинар жұмысына сәттілік тілей отырып, оқу ордасының ақпараттық саладағы жетістіктеріне тоқталды және медиа саласына білікті мамандар даярлау бағытындағы жүйелі жұмыстарды атап өтті.
Семинарда медиа саласындағы бүгінгі өзекті деген тақырыптар талқыланды. «Айғақ» телеарнасының және «Айғақ» республикалық газетінің бас редакторы Ұлжан Наушабай баяндамасында нарықтағы салалық журналистиканың орны, сапалы контент жасаудың ерекшеліктері, мамандық иелерімен байланыс орнатудағы тәжірибелерімен бөлісті. Әуезов университетінің «Филология» факультетінің ф.ғ.д., профессор Болатбек Тілеубердиев қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілінің сауаттылығы жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Ол медиа тіліндегі жиі кездесетін қателіктерді нақты мысалдар арқылы көрсете отырып, терминологиялық бірізділік, сөздік қорды дұрыс пайдалану, аударма мәтіндерінің сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, журналистиканың тілдік мәдениетін сақтау — ақпарат сапасының маңызды көрсеткіші екенін атап өтті. Баяндама қатысушылардың қызығушылығын тудырып, талқылауға негіз болды.
«Заманауи медиа және журналист этикасы» — бүгінде қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Бұл бағытта сөз алған Beinepro интернет-журналының бас редакторы Жәнібек Нұрыш қазіргі медиа кеңістігінің ерекшеліктеріне тоқталып, журналистердің кәсіби этикалық кодексінің маңыздылығы, жалған ақпаратты анықтау жолдары, сондай-ақ авторлық құқықты сақтау мәселелері бойынша мазмұнды пікір білдірді. Ол қатысушыларға нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, заманауи медианың жауапкершілігі мен сенімділігін арттырудың тетіктерін ұсынды.
Іс-шарада JSK.KZ Ақпараттық Агенттігінің директор-бас редакторы, халықаралық журналист Сағындық Жанысбаев AI технологияларының мақала жазудағы артықшылықтары мен шектеулері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шарада қатысушылар, студенттер өз бағыттары бойынша сұрақтарын жолдап, жауап алды. Қатысушылар іс-шара аясында оқу ордасының «Мұхтартану» орталығы, мұражай, Медиа қызметі орталығының Телестудиясын аралады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз