Жаңалықтар
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау өтті
- Қаралды: 27
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған бұл іс-шараға еліміздің 11 өңірінен келген, әскери салада қызмет ететін, қазақ тілін еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.
Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін арттыруға және мемлекеттік тілді жетік меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды.
Іс-шара барысында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Қалмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тіл – ата-бабамыздан қалған қасиетті аманат, ұлттың рухы мен елдіктің негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосып жүрген қатысушыларға сәттілік тіледі.
4 кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар шығармашылық таныстыру, ой толғау, мақал-мәтел сайысы сияқты тапсырмалар арқылы өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.
Филолог ғалымдар, қоғам қайраткерлері және әскери сала мамандарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың тілдік дайындық деңгейін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Қатысушыларға университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев алғыс айта отырып, жеңімпаздарды марапаттады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Жамбыл облысынан келген Кудратилла Утепов лайық деп танылды.
- І орын – Ильгар Ахметов (Шымкент қаласы);
- ІІ орын – Александр Сон (Жетісу облысы);
- ІІІ орын – Владислав Шегай (Қызылорда облысы);
- ІІІ орын – Зульяр Асматулаевқа (Солтүстік Қазақстан облысы) бұйырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз