М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Eurasia Foundation (from Asia) қорының грантын иеленді

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Eurasia Foundation (from Asia) қорының грантына ие болып, «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты жаңа оқу курсын әзірлеу және енгізу жобасын бастайды.
Аталған курс 2026 жылғы наурыз бен маусым айлары аралығында жүзеге асырылады және Орталық Азия аймағындағы экономикалық, саяси және мәдени интеграцияның түрлі қырларын қамтиды. Бағдарлама студенттердің талдамалық және зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ интерактивті сабақтар, халықаралық сарапшылардың дәрістері мен бірлескен академиялық жобалар арқылы тәжірибелік білім алуға бағытталған.
Бұл бастама Eurasia Foundation (from Asia) қорының мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға, бейбіт қоғам құруға және жаһандық үйлесімділікке үлес қосуға бағытталған миссиясымен үндеседі.
Бұл жетістік университеттің халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және білім мен ғылым саласындағы инновациялық орталық ретіндегі рөлін арттыруға ұмтылысын айқын көрсетеді.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін Eurasia Foundation (from Asia) қорына шынайы ризашылығын білдіреді.
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.