ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жоғары білікті кадрларды даярлауға арналған ұлттық білім беру платформасының әзірлеушісі «EDP Hub» (Идипи Хаб) ЖШС (https://e-uni.kz/ ) және білім беру мекемелеріне арналған оқу және ғылыми әдебиеттердің Халықаралық баспасы IPR MEDIA жоғары оқу орны басшылығымен келісе отырып, университет факультеттерінің басшыларымен және профессор-оқытушылар құрамымен семинар өткізіледі. Семинардың тақырыбы - «Білім берудің цифрлық трансформациясы: оқытушы және ЖОО үшін жаңа мүмкіндіктер».

Кездесудің спикері, компания өкілі  - Гүлжауар Бикжанова.

Уақыты: 2025 жылғы 23 қазан, сағат 10:00.

Мекенжайы: Бас корпус, 340-каб.

Компания 20 жыл бойы ҚР аумағында цифрлық білім беру ресурстарын қосу бойынша, сондай-ақ авторлардың басылымдарын https://www.iprbookshop.ru/ және https://e-uni.kz/ электрондық-кітапхана платформаларының құрамына енгізу бойынша жан-жақты белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінде оқытушы – тек педагог қана емес, сонымен қатар оқу материалдарының авторы, зерттеуші және білім берудің цифрлық трансформациясына қатысушы. Семинарда ғылыми жарияланымдарға, цифрлық басылымдарды және цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға қатысты негізгі мәселелер қозғалады.

Оқытушыларды семинарда не күтеді:

- Оқу процесін трансформациялау, IT-құзыреттерді қалыптастыру және заманауи контентке қолжетімділікті кеңейту үшін цифрлық білім беру ресурстарының жаңа мүмкіндіктері.

- Баспа қызметіндегі бірлескен жобалар: кітаптарды басып шығару және қайта басып шығару, оқытушылардың еңбектерін цифрлық өнімдерге енгізу, университеттің ғылыми мектебін ілгерілету.

- Заманауи цифрлық платформалардың көмегімен университеттің онлайн-курстарын ілгерілету мүмкіндіктері.

- Басылымдарды E-Library-ге енгізу: дәйексөз индексін, басылым рейтингін арттыру және т.б.

Семинардың барлық қатысушылары сертификаттар алады!

Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және автор-оқытушылардың осы семинар тақырыбына қызығушылық танытады деп үміттенеміз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.