«Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
«Қазақстан Әйелдерінің Республикалық Кеңесі» Шымкент қалалық филиалының төрайымы Б.А.Жандосова студенттерге гендерлік тұжырымдаманың мәнін түсіндіріп, жастар арасындағы суицидтің алдын алу, ерте жүктілік және репродуктивті денсаулық мәселелерімен күрес жолдары туралы кеңінен мағлұмат берді.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қолдау көрсету бөлімінің басшысы Б.Р. Салиев өз кезегінде жастарды жауапкершілікпен өмір сүруге шақырып, қазіргі қоғам дертіне айналған құмар ойындарға әуестенбеудің маңыздылығын атап өтті.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полиция лейтенанты Н.Н. Төлеген отбасындағы зорлық-зомбылықтың ауыр салдарлары мен оның алдын алудың практикалық жолдары туралы құнды ақпарат ұсынды.
Жиынға сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) өкілі – А.С. Беден, Шымкент қалалық дін істері басқармасының теологы – Н.Әбдіманап, қатысты.
Спикерлер жастармен өз салалары бойынша ашық пікір алмасып, маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.