М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Arizona State University (ASU) стратегиялық әріптестікті нығайтуда

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылғы 23–26 қыркүйек аралығында АҚШ-тағы Arizona State University (ASU) университетіне іссапармен барды.
Іссапар бағдарламасы ASU профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне арналған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті туралы презентациямен танысуды, сондай-ақ Melikian орталығы, Global Launch, Dreamscape және E-Sports Lounge сияқты инновациялық инфрақұрылым нысандарын аралауды қамтыды.
Сапар барысында ерекше назар Arizona State University қолдауымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында іске қосылуы жоспарланған Honors College бірлескен жобасын жүзеге асыру мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар, қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу перспективалары, оқу жоспарларын әзірлеу, кредиттерді трансферттеу жүйесін жетілдіру және студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру тетіктері жан-жақты талқыланды.
Делегация сондай-ақ ASU-дың EdPlus, Brand Team және Инженерия мектебінің басшылығымен кездесіп, онда цифрлық білім беру бастамалары, онлайн оқыту және инженер мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Маңызды бағыттардың бірі ретінде стратегиялық серіктестікті нығайту мақсатында Global Academic Initiatives офисімен ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар Honors College жобасын жүйелі түрде іске қосу, қос дипломды бағдарламаларды дамыту және академиялық алмасуды кеңейту туралы келісімге келді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.