Жаңалықтар
Әуезов университетінің 4 студенті «Визит» зауыты ұсынған білім грантын ұтып алды
- Қаралды: 43
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «ВИЗиТ алькогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-і арасындағы ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Екі тарап арасындағы келісім негізінде жастарды қолдау, білім беру саласын дамыту және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау бойынша маңызды жұмыстар қолға алынған. Сондай қолдаудың бірі 2025-2026 оқу жылында отандық зауыт Әуезов университетінің 4 студентіне оқу грантын ұсынды.
Экономика, маркетинг және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы жобалар мен тәжірибе алмасуға негізделген меморандумда «Экономика» және «Маркетинг» мамандығын бітіруші курс студенттеріне 1 жылдық оқу ақысын төлеу гранты, оқу практикасын зауыт обьектісінде өткізу және ары қарай жұмыспен қамту жұмыстары көзделген.
Бірнеше критерииден тұратын сараптаудан лайықты студенттерді анықтау үшін өндіріс және университет қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрамы бекітілді (№54-нқ, 03.09.2025ж). Грант иегерлерін таңдау жұмысы екі кезеңнен тұрды.
Нәтижесінде ЭФ-22-3к тобының студенттері – Ақбата Есен, Нұрсұлтан Дүйсенбай; ЭФ-22-1р тобының студенті – Эльвина Кадыргулова; ЭФ-22-1к2 тобының студенті – Бақжан Абдыкадыр грант иегері атанды. Студенттерімізге «ВИЗиТ» зауыты 1 жылдық оқу ақысын төлейтін болады. Ары қарай зауытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де ұсынылады.
Білімді жастарды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз