«ЖОО-да жасанды интеллект бойынша арнайы кафедралар мен ғылыми зертханалар жұмыс істейді»

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында қазір біз түбегейлі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатқанымызды және жасанды интеллект бүгінде экономиканың, мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылымның, ең бастысы, білім беру саласының келешегін айқындап жатқанын атап өтті. Сондықтан елімізде ғылым және жоғары білім саласында арнайы академиялық орталықтар құрылуда. Бұл туралы өз баяндамасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
–Бірқатар университеттерде жасанды интеллект бойынша арнайы кафедралар мен ғылыми зертханалар жұмыс істейді. Олар - Назарбаев университеті, әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Астана IT, Халықаралық ақпараттық технологиялар, Сүлейман Демирель, Шығыс Қазақстан техникалық, Атырау мұнай және газ, Әлихан Бөкейхан, Халықаралық қазақ-түрік университеттері. 4 университет өздерінің есептеу қуаттарымен қамтамасыз етілген (әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев университеті және Назарбаев университеті) Сонымен қатар, ғылыми институттар мен университеттердің гранттық зерттеулерінде alem.cloud Ұлттық суперкомпьютер орталығының есептеу қуаттары пайдаланады, - деді Саясат Нұрбек.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.