Жаңалықтар
Мұрағат – тарих айнасы
- Қаралды: 394
2018 жылы 10 сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты «Сырдария округіндегі тәркілеу науқанына қатысты құжаттар жинағы» және «Түркістан өлкесіндегі оқу-ағарту ісі» атты құжаттар мен материалдар жинақтарымен таныстыру кеші өтті.
Кешті факультет деканы Әлібек Сейдахан Нұрмаханұлы ашып, аталған жинақтардың тарихи зұлмат кезеңдерінің шындығын ашып көрсетудегі маңыздылығына тоқталды. Ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің басшысы Айдын Исатаева облыстық мұрағаттың жұмысымен таныстыра келе, тарихшылармен бірігіп, төте жазудан аударылып, жарық көрген осы екі жинақтың мән-маңызын жеткізді.
Кеш қонағы жазушы, шежіреші, профессор Момбек Әбдәкімұлы екі жинақтағы құжаттар мен оларды жинақтауға дейінгі жүргізген өзінің ізденіс жұмыстары жайлы баяндады.
Бұл кеште ШФ-17-9к тобының тыңдаушысы Бауыржан Қайсар Оспан батырдың қатысуымен болған қытай қазақтарының көтерілісі жайлы баяндаса, Іңірбай Шаттық «Толғау» термесін орындап берді.
Кешті факультет деканы С.Н.Әлібек қорытындылай келе, қонақтарға өз алғысын білдіріп, мұндай маңызды шаралардың жалғаса беретінін айтты.