Жаңалықтар
«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 16: «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
- Қаралды: 484
12-13 сәуір 2018 ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУда «Әуезов оқулары – 16: «Төртінші өнеркәсіптік революция: Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласындағы жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция өткізудің мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекетінің және қоғамның алдына қойған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жолдауындағы міндеттер бойынша пікірталасқа барлық санаттағы зерттеуші - ғалымдардың қатысуына мүмкіндік беретін ақпараттық ғылыми алаң құру.
Конференция жұмысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы, Қазақстан Республикасында қоғамның тұрақты дамуында, елдің экономикалық және әлеуметтік-саяси жаңғыруы мен мемлекеттік басқару жүйесін реформалауда Н. Назарбаевтың ролі, саяси ұстанымы мен бастамалары, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің іс-әрекетттері, мемлекетті дамытудағы әлеуметтік-экономикалық және саяси перспективаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді: білім беру және мәдениет аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан даярлау; экономиканы цифрландыру - Қазақстанның әлеуметтік - экономикасын дамытудың - факторы ретінде; төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мемлекет пен құқықтың және азаматтық қоғамның мәселелері мен даму перспективалары; «Ақылды технологиялар» – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі; химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары, металлургия, нанотехнология және силикат материалдары; ИИД МБ– 2 бағдарламасын жүзеге асыруда тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі; тамақ инженериясы және биотехнология; транспорт, құрылысқа және машинажасауға заманауи технологияларды енгізу; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; жаңартылған энергетика, ресурстар және энергияны сақтаушы технологиялар; физика-математикалық ғылымдар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар; бәсекеге қабілетті тұлғаны психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері.
Конференция аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының ғылыми-зерттеулер жұмыстарының нәтижелері мен жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Дүниежүзілік ғылыми ортаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының жаңадан танылған жаңалықтарының жасалымдары таныстырылды:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция: Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласындағы жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында елдің алдындағы міндеттерінің бірі 2018 жылға арналған IT және инжинирингтік қызметтерді дамыту, «цифрлық дәуірдің» - өнеркәсіпті дамытуға арналған жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы болуы, индустрияландыруды дамытудың үшінші бесжылдыққа арналған әзірлемелері болып табылады.
- алға қойған міндеттерді шешу үшін университет ғалымдары ғылымилығы негізделген және жаңадан танылған пилотсыз ұшу аппараты түріндегі әскери және жалпы мақсаттағы атмосфералық спутник жасалымын әзірледі.
2. Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен туған «Мәңгілік Ел», ұлттық идеясына сәйкес университет ғалымдарының кейінгі кездегі тарихи ескерткіштері таныстырылды:
- алғаш рет Ұлы жібек жолының сауда - экономикалық негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Отырар алқабындағы Ежелгі Қаңлы мемлекеті дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің (Бесіншітөбе, Пышақшытөбе қалашықтары және Алтынтөбе қорымы) жәдігерлері.
Конференция жұмысына (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша, Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина және т.б.) шетелдерден белгілі ғалымдар қатысты.
Конференцияға 1000-нан астам мақала түсті, шетел жоо мен ғылыми мекемелерінен 51, шетел ғалымдарымен бірлескен мақалалар 113, оның 148-ы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен. Конференция материалдарынан 6 том жинақ шығарылды. Пленарлық және секциялық мәжілістерде 232 баяндама тыңдалдып, талқыланды, оның 183–негізгі баяндама және 49-ы стендік. Конференция жұмысына 537 профессор-оқытушылар, 219 магистранттар және докторанттар, 262 студенттер қатысты.