Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: Ғалымдар мен кәсіпорын өкілдері баламалы энергияға көшудегі өзекті мәселелерді талқылады
- Қаралды: 63
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Энергия тұтынуды азайту және жаңартылатын көздерге көшу» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада өңірдегі энергия саласындағы кәсіпорындар «Азия Трафо», «Оңтүстік Жарық транзит», «GASYR Energy Construction» «Шардара ГЭС», «3-Энергоорталық» АҚ өкілдері мен оқу ордасының «Ақпараттық технология және энергетика» жоғары мектебінің ғалымдары, жас ғалымдар мен студенттер баламалы энергия көздеріне көшудің ғылыми-техникалық, экономикалық аспектілерін талқылады.
Университет ректорының м.у.а. Ернар Имангалиев өз сөзінде күннен, желден энергия алу, АЭС құрылысы, табиғи ресурстарды үнемдеуде қазақстандық ғалымдардың ізденістері өзекті мәселені шешуге оңды ықпалын тигізіп отырғанын атап өтті. Соның ішінде Әуезов университеті ғалымдарының ғылыми зерттеулері елдің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосуға бағытталып жатқанын жеткізді.
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті , PhD доктор Г.Турымбетова «Жаңартылатын энергия көздеріне көшу – энергетика саласындағы заманауи сын-тегеуріні»; т.ғ.д. профессор И. Батькаев «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың айқын және жасырын әсерлері – болашаққа көзқарас»; доцент, т.ғ.к. Р.Ильясов «Атом энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздерінің энергетикалық-экономикалық параметрлерін салыстыру»; PhD доктор Г.Сахметова «Энергия үнемдеу және тұрақты даму мақсатында биогаз қондырғыларын енгізудің ғылыми-техникалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.
Студенттер Ә. Дінмұхаммед, Д. Қойшыманов және А. Кенжалиев жасыл энергетика бағытындағы ғылыми ізденістерін таныстырып, күн, жел сынды энергия көздерін қолдану арқылы экологиялық таза әрі үнемді шешімдер әзірлеуге бағытталған жұмыстарымен бөлісті.
Бүгінгі кездесуде жасыл энергетиканы дамыту мәселелері кеңінен талқыланып, жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың маңыздылығы айқындалды Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс – «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – жасыл энергетиканы дамытуға нақты үлес қосқан маңызды қадам болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз