43 жылдан кейінгі жарқын жүздесу

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде осыдан 43 жыл бұрын оқу ордамызды тәмамдаған түлектер бас қосты. Ыстық лебізге толы жүздесуде «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 1982 жылғы түлектері студенттік жылдардағы жарқын сәттері мен естеліктерін еске алып, бір-біріне деген сағыныштарын білдірді.

Кездесуде университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге жылы лебізін білдірді, оқу орнының есігі әрдайым түлектерге ашық екенін атап өтті.

Түлектер де өздері оқыған факультет басшылығына, ұстаздарына алғысын  жеткізіп, сый-сияпат жасады.  Сондай-ақ, іс-шараның ұйымдастырушысы - университетіміздің «Түлектер Ассоциациясы» 8 үздік бітірушіге университеттің төсбелгісін табыстады.

Уақыт өтсе де, жүректегі ыстық естеліктер ешқашан өшпейді. Ерекше өткен бұл кездесу соның бір айғағы болды!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.