Жаңалықтар
Әуезов университетінде Заң клиникасы ашылды
- Қаралды: 9
Бүгін Шымкент қаласындағы әділет органдарының бастамасымен М.Әуезов атындағы ОҚУ «Заң» факультеті «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасында Заң клиникасы салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы А.Исабекова, Адвокаттар алқасы төрағасы С.Баймуратов, Нотариаттық палатасының төрайымы Г.Джунусбекова, Жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының төрағасы М.Әбдібай, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Университеттің Бірінші проректоры, з.ғ.к. доцент Құрманғалы Сарыкулов жиналған қауымды клиниканың ашылуымен құттықтап, маңызына тоқталды.
–Қазақстан Республикасының Конституциясында «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар» деген. Осы қағидатты орындауда әділет органдарымен бірлесіп ашылған клиникада студенттер кәсіби заң көмегін көрсетуді тереңірек түсінуге мүмкіндік алады, теориядағы білімін практикаға ұштастырады және бірлескен ғылыми жобалар іске асады, - деп атап өтті Қ.Сарыкулов.
Заң клиникасы негізі 4 бағытты - құқықтық білім жетілдіру, практикалық дағдыларды дамыту, кәсіби бағдар беру, ғылыми-зерттеу және серіктестікті нығайтуды мақсат етіп отыр.
Салтанатты кештен кейін Әуезов университеті және Шымкент қаласындағы әділет органдары арасында ынтымақтастықты нығайтуда меморандумға отырды.