«Аmanat» партиясының өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерімен кездесті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымының төрайымы Дария Қожамжарова, Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кезекті Жолдауындағы негізгі бағыттар, әсіресе жастарға қатысты өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.

Дария Қожамжарова Жолдауда аталып өткен жаппай цифрландыру, жасанды интеллект заңы, білім және жаңа мамандарды даярлау сынды бағыттарға ерекше назар аударып, ондағы басымдықтар мен нақты міндеттерді студенттерге түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында партия өкілдері болашақтың кілті – білімді жастардың қолында екенін атап өтіп, оларды ел дамуына, әсіресе жасанды интеллект саласын дамытуға белсенді үлес қосуға шақырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.