Жапонияның Шунан университетінен делегация келді

2025 жылдың 16 қыркүйегінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Жапонияның Шунан университеті делегациясы келді. Делегацияны профессорлар Кацутоши Умэда мен Котаро Вакино бастап келді. Кездесу барысында тараптар ғылым, білім және академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылап, студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу бағдарламаларын дамытуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Сапар аясында қонақтар университеттің қызметімен танысып, «Денсаулық» спорт кешенін аралады. Кездесу М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың халықаралық әріптестікті кеңейтуге және шетелдік жетекші университеттермен байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын айқындап, мәдениетаралық диалог пен бірлескен бастамалардың жаңа көкжиегін ашты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.