Жаңалықтар
Баспасөз-релизі
- Қаралды: 366
2018 жылдың 5-ші сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері Құжаттарды қабылдау басқармасының басшысы Ақпан Жұлдыз Қайырбекқызы және менеджері Токпаева Гульмира Ерболатовнаның қатысуымен брифинг өтті. Брифинг өткізудің мақсаты университеттің бітіруші курс студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу ережелері мен шарттарын түсіндіру.
Брифинг кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері брифинг қатысушыларына бүгінгі күнгі конкурстың өту тәртібін, негізгі іріктеу ережелерін, өзгерістері мен жаңалықтарын, бағдарламаның мақсаты мен құжаттарды қабылдау мерзімдерімен таныстырды. Акпан Ж.К. ағымдағы жылы «Болашак» халықаралық типендиясының конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап айтты. Біріншіден, алдын тағайындалған стипендиясын қолданбаған және оқуға және тағылымдамаға кіріспеген тұлғаларға, егер Орталықтың алдында қарызы болмаған жағдайда, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бір мәрте конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі.Екіншіден, «Өз бетімен түскен» категориясы бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа баллынын талаптары GPA 3.3 тен 3.0 баллға сәйкес төмендетілді. Сондай-ак, негізгі жаңалық ол түлектердің жұмыспен өтеуін жүзеге асыру қағидаларына қатысты өзгерістер. Конкурстың өтуі мен енгізілген жаңалықтар жайлы ақпаратты www.bolashak.gov.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтынан алуға болады.
Также, Токпаева Гульмира рассказала студентам о грантовых программах Российской Федерации, о том, что в рамках межправительственных соглашений для казахстанских граждан было выделено 10 тысяч грантов на обучение в более чем 30 вузах Российской Федерации
Сондай-ақ, Токпаева Гульмира студенттерге Ресей Федерациясының гранттық бағдарламалары жайлы және үкіметаралық келісімдер аясында Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясының 30-ға жуық жоо-да оқу үшін 10 мың грант бөлінгенін айтты.
Жыл сайын университетіміздің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына белсенді қатысады және магистратура және ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары бойынша әлемнің жетекші жоо-на барады. Соңғы 10 жыл ішінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 100 ге жуық студенттері мен оқытушылары ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.