Онлайн-курстар және олардың сұранысқа ие болуы: неге оқу керек?

Қазiргi қазақстандық бiлiм беру кеңiстiгiнде көпшіліктің онлайн курстарға  қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Онлайн курстардың тиімділігі әрбір курс тыңдаушысы үшін оның икемді форматы мен мен материалдарға қашықтықтан қолжетімділігі деп айтсақ болады. Кәдуілгі курстардан айырмашылығы, онлайн курстар оқу мерзімділігін, уақытын және орнын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Бұл курстар бейне сабақтар, вебинарлар, интерактивті платформалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Университеттің Қосымша білім беру орталығы осы бағыттағы жұмыстарды уақыт талабына сай ұйымдастырып отыр. Онлайн курстар: ЖОО инклюзивті білім беру және оқыту, Заманауи оқыту технологиялары, Цифрлық куратор, Цифрлық сауаттылық және онлайн оқытудың әдістемесі курстары  тыңдаушылардың сұраныстарына сай онлайн форматта ұйымдастырылып келеді. Себебі тыңдаушыларымыз өндірістен қол үзбей өздерінің біліктілігін арттырады.

Курстың лекторлар құрамы университет профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жасақталады. Бұл жағдайда олардың онлайн платформада жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі. Тыңдаушылар мен оқытушылардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды сауатты қолдана білуі онлайн сабақтардың сапалылығын арттырады.

Тыңдаушыларымызбен өз ойларын былайша жеткізді:

Камалова Манзура Джамаловна, Өзбекстан Республикасы, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің доценті:

–  Онлайн курстар уақыт тапшылығын жояды, қажет уақытында біліктілігіңді арттыруға, өзіңді дамытуға таптырмас дүние. Мен биылғы жылы М.Әуезов атындағы университетте біліктілігімді арттырудамын. Біз екі апта оффлайн форматта оқыдық, екі апта онлайн форматта оқимыз және оқу үдерісінің осылай ұйымдастырылуы біздің негізгі жұмысымызға да тиімді.

Алдабергенова Сабина Ертурекизи, «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің» кітапханашысы:

 – Мен балалар кітапханасында жұмыс істеймін. Өзімнің біліктілігімді  онлайн курс арқылы жетілдірдім. Онлайн курстардан өту барысында техникалық сауаттылық үлкен маңызға ие. Курс барысында университеттің «Ақпараттық білім беру орталығының» «Кітап сақтау» бөлімі,  «Ғылыми-библиографиялық» бөлім, «Техникалық мамандықтарға қызмет көрсету» бөлімі, «Гуманитарлық мамандықтарға қызмет көрсету» бөлімі, «Жаңа технологиялар және электрондық ресурстар» бөлімі, «Кітапхананы дамыту» бөлімінің жұмыстарымен таныстым.

          Қосымша білім беру орталығы алдағы уақытта әртүрлің бағыттағы қысқамерзімді онлайн курстардың санын арттыруды жоспарлап отыр.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.