ЖАС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы үшін апта басы жақсы жаңалықтармен басталды. «Спорт және туризм» факультетінің білім алушылары әлемде және елімізде өтіп жатқан спорттық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, университеттің абыройын асқақтатты.

«Ст 23 3р2» тобының студенті Надира Ахмедова WT таеквондадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогының І кезеңінде І орынды иеленді. Ал «Ст 23 3р2» тобының студенті Лаура Нышанбай Антальяда өткен кидбокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.

Атап өтейік, Надира мен Лаура осыған дейін де көптеген спорттық додаларда жүлделі орындардан көрініп, жақсы жаңалықтармен қуантып келді. Қос спортшымызды Әуезов университетінің басшылық құрамы және ұжымы атынан құттықтай отырып, әрдайым биіктен көрінуіне тілектестік білдіреміз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.