Жаңалықтар
«Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында бизнес-тренинг өтті
- Қаралды: 12
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Кәсіпкерлік және коммерцияландыру» департаментіне қарасты «Кәсіпкерлік және серіктестік» орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша «Даму» қоры өңірлік филиалымен бірлесе отырып, «Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында университетіміздің профессор-оқытушыларына арналған бизнес-тренинг өтті.
Тренинг мақсаты – профессор-оқытушылардың арасындағы кәсіп бастауға ниетті азаматтарға Қазақстан Республикасындағы бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық, нақты және түсінікті ақпарат беру, сонымен қатар сол қолдауларды қалай тиімді пайдалануға болатынына бағыт-бағдар беру.
Тренингтің міндеті - мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарымен таныстыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несие кепілдіктері бойынша түсіндіру, бизнес-бастамаларды қолдауға арналған бағдарламаларды таныстырып, мемлекеттік қолдау түрлерімен таныстыру, мотивация беру.
Тренингте Шымкент қаласы бойынша «Даму» қоры өңірлік филиалы бөлімінің басшысы Сабыржан Исаков «Кәсіпкерлік және коммерцияландыру» департаменті директоры т.ғ.к., доцент Т.С. Бажиров және «Кәсіпкерлік және серіктестік» орталығы басшысы А.К. Диканбаева баяндама жасады. «ДАМУ» қоры тарапынан биылғы жылы субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер бойынша басымдық өндірістік сала жобаларына берілетіні айтылды. Бұл – еліміздің экономикасын әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту мақсатындағы нақты қадам екені аталып, соңында «сұрақ-жауап» сессиясымен аяқталды, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды және практикалық ұсыныстармен танысты.
Тренинг барысында жалпы 13 факультет пен жоғары мектептен профессор-оқытушылар белсене қатысып, өз мамандықтары (салалары) бойынша нарықтағы өзекті мәселелерді анықтай отырып, әркім өз саласы бойынша мемлекеттен қолдау табатындығын, ең бастысы проблемалық-бағытталған мәселені тауып, оларды шешу жолдарын білім алушыларға да үйретіп қана қоймай, ұсыну қабілеттерін дамыту керектігімен қорытындыланды.