ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БОЛАШАҚ ПРОКУРОР КЕҢІСТІГІ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан университеті «Заң» факультетінде «Болашақ прокурор кеңістігі»  қабинеті ашылды.  Жоба жоғарғы оқу орындары мен прокуратура арасындағы ынтымақтастықты  нығайту  мақсатында қолға алынды.

Жаңа кабинеттің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Зейнешұлы, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы, университеттің бірінші проректорының м.у.а. Құрманғалы Сарықұлов,  профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. 

–«Болашақ прокурор кеңістігі»  кабинеті елімізде 8 жоғары оқу орнында ашылды. Кабинет қажетті әдебиеттермен толықтырылды. Онда прокуратураның тарихы туралы деректер, журналдар, сала қызметкерлерінің еңбектері, әдістемелік құралдармен қамтылды. Бұл өз кезегінде студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп, олардың прокурор мамандығының ерекшеліктерін терең түсінуіне мүмкіндік береді , - деп атап өтті Ернұр Зейнешұлы. 

Орган басшылары студенттерді прокуратураға жұмысқа шақырып, оның ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, прокуратура саласында   бүгінде елімізде 80-нен астам Әуезов университетінің түлектері табысты еңбек етіп жүргенін де атап өтті. 

Қонақтар «Заң» факультетіндегі сот залы, криминалистика палигонымен танысты.

Атап өтейік, «Заң» факультеті 1998 жылдан бастап Құқықтану мамандығы бойынша білім алушыларды қабылдап, заңгер біліктілігін иемденген түлектерді ұшыруда. Факультетте 120 оқытушы-профессорлар құрамы 2000 жуық студенттерге білім беруде. Заң факультеті еліміздің және Шымкент қаласының соты, полиция департаменті, прокуратурасы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палатасымен, әділет департаменті және сот орындаушылармен ынтымақтастық меморандумдары негізінде бірлесе жұмыс атқаруда.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.