Жаңалықтар
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЕУРООДАҚ ЕЛШІЛЕРІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
- Қаралды: 39
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне Еуроодақ мемлекеттерінің елшілері жұмыс сапарымен келді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Юрьевич Василенко бастап келген делегация құрамында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симич және Австрия, Хорватия, Болгария, Кипр, Эстония, Германия, Греция, Финляндия, Венгрия, Латвия, Румыния, Словакия, Швеция, Швицария, Ұлыбритания караольдігі және Солтүстік Ирландия, Польша, Португалия мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы елшілері бар.
Қонақтарды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки Жұмақанұлы үлкен құрметпен күтіп алды. Салтанатты күтіп алу рәсімінде ұлттық фольклорлық ансамбль және ұлттық киімдегі арулар құрмет көрсетті.
Еуроодақ мемлекеттерінің елшілері еліміздің респубикалық маңызы бар үшінші мегаполис Шымкенттің қонақжайлылығы мен дархан көңіліне ризашылықтарын білдірді.
Атап өтейік, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып табылады. Одаққа мүше мемлекеттердің беделді ғылыми институттары және ЖОО-мен білім беру, ғылыми-зерттеу, халықаралық байланыстар және халықаралық әріптестікте жұмыс істеп келеді.