Жаңалықтар
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ Ш.РАШИДОВ АТЫНДАҒЫ САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ САПАРМЕН БАРДЫ
- Қаралды: 61
Самарқанд, Өзбекстан – 2025 жылғы 25 наурыз
Ресми іссапар аясында Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Дархан Ахмед-Заки Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетіне (СамМУ) сапармен барды. Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Кездесудің негізгі оқиғасы ОҚУ мен СамМУ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл келісім екіжақты серіктестікті дамытуға бағытталған және келесі бағыттарды қамтиды:
• студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық алмасуларды жүзеге асыру;
• бірлескен ғылыми зерттеулер, жарияланымдар және халықаралық конференциялар өткізу;
• инновациялық білім беру технологиялары және оқу үдерісін цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу;
• профессорлық-оқытушылық құрам үшін тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін ОҚУ делегациясы Самарқанд мемлекеттік университетінің ғылыми зертханалары мен зерттеу орталықтарына барып, университеттің ғылыми әзірлемелері мен инновациялық жобаларымен танысты.
Ректор Дархан Ахмед Заки халықаралық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, ОҚУ мен СамМУ арасындағы ынтымақтастық ғылыми әлеуетті кеңейтуге, білім беру жүйелерін интеграциялауға және университеттердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
Самарқанд мемлекеттік университетімен меморандумға қол қою халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуда, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болды.