Жаңалықтар
ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕСТІҢ СИНЕРГИЯСЫ
- Қаралды: 30
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Цифрландыру дәуіріндегі ғылым мен бизнестің синергиясы» тақырыбында семинар болып өтті. Басқосуды Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев жүргізіп отырды. Аталған тақырып турасында семинарға арнайы келген CINO innoforce.kz компаниясының директоры, PhD Санжар Аубакиров жиналған ғылыми қауымға дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ компания өкілі Әуезов университетімен бірлесе жұмыс жасауға ниетті екенін білдіріп, ортақ ынтымақтастыққа шақырды.
Спикердің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстандық университеттерде STEM саласында мамандар және IT саласында практикалық тәжірибесі бар оқытушылар жетіспейді. Білім беру бағдарламалары бойынша практик-рецензенттер жеткіліксіз. Сондай-ақ зерттеу жүргізу үшін ең алдымен нақты мәселелер мен деректер қажет. Осы ретте университеттердің атқаратын рөлі айрықша. ЖОО-ның функциясы – зерттеу және өндіріс, білім, кадр даярлау болса, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Атап өту керек, спикер Санжар Аубакиров 2024 жылға дейін (7 жыл) Innoforce компаниясында техникалық директор болып қызмет атқарған. Бағдарламалық жасақтаманы жасаумен және IT өнімдерін сатумен кәсіби түрде айналысып, соңғы жылдары ол avtobys.kz жобасын құруға, жаңа стартаптар мен жаңа жүйелерді жасауды қолға алған. Innoforce – IТ нарығында өз жұмысын 2009 жылы бастаған.
Екі жақты ынтымақтастық артып, ғылым мен бизнес жолындағы жаңа қадамдардың аясы кеңейе берсін!