Жаңалықтар
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
- Қаралды: 115
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Университеттің Басқарма төрағасы-ректор, Ғылыми кеңестің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы алдымен жетістіктерге қол жеткізген бірқатар профессор-оқытушылар құрамын марапаттады. Дархан Жұмақанұлы Қалдыбаева Ботагөз Мырзахметқызы және Хусанов Жахонгир Евадиллоевичке «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы дипломын табыстады.
Атап өтейік, биыл оқу ордасында жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру мақсатында алғаш рет «Zhas galym» университетішілік конкурсы өтіп, 11 ғалым грант иегері атанған болатын. Жеңімпаздарымыз бүгін аталған сертификатқа қол жеткізді.
Оқу ордамызда білім-ғылымға құштар студенттеріміз республикада талай додаларда топ жарып жүргені белгілі. Ғылыми кеңесте жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің студенттері Асылзат Нұралы мен Әсем Керімге дипломдарын салтанатты түрде берді.