«STUDY IN KAZAKHSTAN» КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Study in Kazakhstan көрмесі үшінші мегаполис Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жалғасты. Қазақстандық жастардың білім алуына мүмкіндік беретін көрмеге әлемнің жетекші ЖОО-ның Қазақстандағы 20 филиалы қатысуда. Іс-шараға 4 мыңға жуық 9-11 сынып оқушылары қатысты, олардың арасында Қызылорда қаласынан келген түлектер де бар. Көрмеге қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар талапкерлерге бүгінгі ауқымды іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, мамандық таңдау бойынша кеңестерін ұсынды.

–  Қазақстанда 2022-2024 жылдары аралығында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен стратегиялық серіктес негізінде 23 шет елдік оқу орнының филиалдары ашылды. Бұл жастарымыз үшін керемет мүмкіндік. Яғни, енді олар Қазақстаннан шықпай-ақ халықаралық деңгейде білім алады, ең маңыздысы оған мемлекеттік грант негізінде қол жеткізеді. Филиалдарда нарыққа қажетті IT, жасанды интеллек саласында мамандар даярлауға басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің филиалы жұмысын бастайды,- деді өз сөзінде Руслан Тоқтарбекұлы.

Жәрмеңкеге қатысқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Қытай университеті филиалы өкілі Қарлығаш Боранқұлова талапкерлердің оқу ордасына деген қызығушылығы басым болғанын атап өтті. «Бітіруші түлектер Қытай университеті және оның мүмкіндіктері, білім алу талаптары жайында сұрап жатыр және ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарға сұранысы жоғары екенін байқадық» деген пікірімен бөлісті.

Дәл қазіргі уақытта түлектер әрбір шет елдік ЖОО филиалдарының білім берудегі ерекшелігі, қос диплом, жүйесі секілді өздеріне қажетті мәліметтермен жіті танысуда. Көрме аясында бұдан бөлек акт залда филиалдардың өкілдері жекелей мәлімет беруде.  

Алда ҰБТ сынағы, талапкелердің өз мамандықтарын таңдайтын уақыттары жақындап келеді. Study in Kazakhstan жәрмеңкесі бұл үшін таптырмас алаң.

Құрметті жас талапкер, ата-аналарыңызбен бірге келіп, тың ақпарат, қажетті мәлімет алуға мүмкіндігіңіз бар! Көрме Әуезов университетінде 6 ақпан кешкі сағат 18.00-ге дейін және 7 ақпан күні де жалғасады!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.