Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының апталық семинары (Шымкент қ. Филиалы)
- Қаралды: 361
Ғылыми-зерттеу басқармасының басылымдар қызметтері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау бөлімдері 2018 жылдың 26 ақпанынан 2 наурызына дейін «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының қызметтері апталығын өткізді.
Web of Science деректер базасына енгізілген журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау.
Іс-шара аясында оқыту семинарлары мынадай тақырыптарда жүргізілді: ғылыми-техникалық ақпараттар жинағы: ғалымдардың анкетасы(сараптаушы), “Жаңа технологиялар” картасы, импакт-факторы бар ғылыми журналдардағы басылымдар тізімі, ҒЗЖ тіркеу және ғылыми зерттеулер бойынша есептерді рәсімдеу, докторлық диссертацияларды техникалық рәсімдеу, “Антиплагиат” базасының жүйесі бойынша плагиатқа тексеру, шетел ақпараттық ресурстардың қызметтері:
- автор мен ұйымының индекс Хиршасы мен сілтемелері, жарияланымның сапасын анықтау;
- Web of Science (Clarivate Analitics) және Scopus (Elsevier) шетел деректер базасына кіретін журналдарды анықтау.
Семинар қатысушылары импакт-факторы бар журналдарда жарияланымның төмендеуінің негізгі себептерін, журналдарда жариялаудың жалпы мәселелерін, “Журналды таңдаудағы: импакт-факторы бар журналды қалай табуға болады және әділетсіз басылымдардан аулақ болу”, “Шет ел рецензияланған журналдарда жариялауға арналған ғылыми мақаланы қалай жазуға болады”, сондай-ақ, қатысушылар үшін халықаралық және қазақстандық талаптарға жауап бере алатын қолжазбаларды рәсімдеу жайлы пайдалы кеңестер ұйымдастырылды.