Жаңалықтар
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
- Қаралды: 104
Ұстаз. Ғалым. Тұлға. Осы асыл қасиеттерді бойынша жинаған М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика факультеті» «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Шабанов Евгений Иосифович 70 жасқа толды. Мерейлі мерейтой оқу ордасында салтанатты түрде аталып өтіп, профессор-оқытушылар құрамы, ұстаздың өмірдегі, ғылымдағы әріптестері, еліміздің түкпір-түкпіріндегі шәкірттері және студент-жастар қатысты.
Университеттің Басқарма Төрағасы-ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев өмір және еңбек жолын білім мен ғылымға арнаған ұстазды мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, еліміздегі жетекші ЖОО ғалымдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Сатывалдиев, білім ұйымдарының басшыларының құттықтау хаттары оқылып, шет елдегі ғалымдардың онлайн құттықтаулары жолданды. Евгений Иосифовичтің тарих ғылымдарына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымдары, адами қасиетттері жайында ыстық ықыластары мен ақ тілектердің легінде шек болмады.
Евгений Иосифович қазіргі замандағы тарихы саласындағы аймақтағы жетекші сарапшылардың бірі. Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеуші-ғалым. Ұстаздың 15-ге жуық оқу құралдары мен монографиялары бар, бірнеше авторлық куәліктердің иегері. Сондай-ақ 154-тен аса ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық ғылыми журналдарда жарық көрген.
Салтанатты жиын әншілеріміздің әсем әндерімен, студенттердің жырларымен жалғасып, кештің шырайын ашты.