Жаңалықтар
ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
- Қаралды: 75
Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері қоржынға медаль салып, ел абыройын асқақтатты.
Қазақстан құрамасы бокстан жалпы есепте бірінші орын алып, 6 алтын, 1 күміс, 10 қола жүлдені еншілеген болатын. Қазақ бокс тарихында бұл тамаша жетістік саналады.
Жас спортшы, біздің студентіміз Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанып, алтынды еншіледі. Төрехан Сабырхан – еліміздің жастар құрамасының капитаны. Ал Бағжан Отынбай мен Аружан Жаңабаева қола медаль алып, былғары қолғап шеберлері жақсы нәтиже көрсетті.
Бүгін шымкенттіктер және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы мен студент-жастар Шымкент әуежайынан Еуропа төрінде топ жарған жеңімпаздарын құшақ жая қарсы алды. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Ғани Бесбаев жас спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы бәсекелерге сәттілік тіледі.