AUEZOV UNIVERSITY ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ

Университетіміз ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні  мен халықаралық қарттар күнін атап өтті. Салтанатты шараға Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. Жиында арнайы сөз алған Ғани Әбзелбекұлы: «Бұл бүгінгі кәсіби мереке сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ. Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға амандық пен табыс тілеймін! Жоғары білім саласында етіп жатқан еңбектеріңіз баянды болсын!» - деп ғылыми қауымға ізгі тілегін арнаған университет басшысы жоғары білім саласында жемісті қызмет еткен бірқатар профессор-оқытушылар құрамын ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің төсбелгілері мен Құрмет грамотасымен сондай-ақ Алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара соңы арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғылым мен жоғары білім саласында табанды еңбек етіп келе жатқан барша Әуезовтік әріптестерімізді бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.