Жаңалықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
- Қаралды: 317
10-21 маусым аралығында «Спорт және туризм» факультетінің ұйымдастырумен «Туризм және спорт саласындағы заманауи жетістіктер мен инновациялар» атты тақырыбындағы Халықаралық жазғы мектептің жұмысы жүзеге асырылды.
Жазғы мектептің негізгі мақсаты – келешек туризм және спорт саласында еңбек ететін болашақ мамандарға және факультет оқытушыларына оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы олардың құзыреттіліктерін жетілдіруге ықпал ету.
Осыған байланысты жазғы мектептің жұмысына «Спорт және туризм» факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен 6В11110-Туризм, 6В11111-Мейрамхана және қонақүй ісі, 7М11110-Туризм, 6В01440-Дене шынықтыру және спорт білім бағдарламаларының бакалавриат, магистратура студенттері қатысты.
Іс-шараға АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және т.б. алыс және жақын шетелдерден, сонымен қатар отандық ЖОО-ның жетекші ғалымдары қатысып, дәрістерін оқыды. Жазғы мектептің бағдарламасы туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандарды даярлау, ішкі және сыртқы туризмді, мейрамхана және қонақ үй бизнесін дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары бойынша қосымша білім алу, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және т.с.с. өзекті мәселелерді қарастыруды қамтыды.
Жазғы мектеп 90 академиялық сағатқа созылды және толық курсты аяқтаған барлық спикерлер мен қатысушыларға Халықаралық сертификаттар табысталды.