Жаңалықтар
БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДА КӘСІПОРЫНМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ
- Қаралды: 206
Елімізде 2019 жылы Қытай-Қазақстан өндірістік қуаты ынтымақтастығының алғашқы маңызды инвестициялық жобаларының бірі «Гежуба Шиелі Цемент» жобасы іске қосылған болатын. Жобаның күндік өндіріс қуаты 2500 тонна клинкерлі цемент өндіру желісі болып табылады.
23 сәуірде «Гежуба Цемент» Қытайдағы бас компаниясының басшысы Ян Дан, халықаралық істер бөлімінің басшысы Го Гуйлон, бас маманы Лин Ванли және «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бас басқарушының орынбасары Фу Мин, кадр бөлімінің жұмысшысы Сәуле Құлжабекқызы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне іс-сапармен келді.
Кездесудің мақсаты – Әуезов университеті мен аталған кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, техникалық және білікті мамандарды даярлауды күшейту және цемент өндіру технологиясын жетілдіру мәселелерін талқылау.
Өндіріс орнының өкілдері университеттің «Силикаттар технологиялары және металлургия» кафедрасының материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандармен жүздесті. Содан соң «6В07101 - Керамика, шыны және тұтастырғыштардың материалтануы мен сараптамасы», «6В07190 - Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары студенттерімен кездесу өткізді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз