Жаңалықтар
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС КООПЕРАЦИЯСЫ – ӨҢІРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ЖОЛ»
- Қаралды: 209
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай "ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС КООПЕРАЦИЯСЫ – ӨҢІРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ЖОЛ" форумын өткізді. Ғылыми басқосуға Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары мен бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, Әуезов университетінің ғалымдары қатысты.
Форумның мақсаты – ғылым өкілдерінің инвестициялық қоғамдастықпен және бизнес субъектілерімен өзара іс-қимылын орнату, сондай-ақ ғылым мен бизнестің интеграциясына жәрдемдесу, өңірдің негізгі мәселелерін шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау үшін университет ғалымдарын тарту.
Форумның кіріспе сөзін М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Сүлейменов Ұланбатор Сейтқазыұлы ашты. "SHYMKENT" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Сәкен Тілеуберди, "SHYMKENT" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Абилов өз пікірлерін ортаға салды. М. Әуезов атындағы ОҚУ кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментінің директоры Тынлыбек Бажиров «Оңтүстік Қазақстан университетінің коммерцияландыру жобалары» атты баяндамасын жасады.
«Агроинженерия және технология» ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Бердияр Қалымбетов «Шитті мақтаны тасымалдауға арналған 2птсх-10-45 үлгісіндегі самосвалды трактор тіркемелерінің шағын сериялы өндірісін ұйымдастыру» коммерцияландыру жобасының нәтижелері және «Тұрмыстық және тұрмыстық экспортқа бағдарланған арнайы мақсаттағы эко-өнімдер өндірісінің қой терісін өңдеу мен бояудың технологиялық желісін жаңғырту» жобасының орындалуын баяндады.
"SHYMKENT" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялар департаменті директорының орынбасары Тулкин Нарметов «Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктер» туралы мәлімет берді.
Форум қала кәсіпкерлерінің қызығушылығын тудырып, бизнес құрылымдардың басшылары коммерцияландырудың бірлескен жобаларына қатысуға ниет білдірді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз