Жаңалықтар
ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
- Қаралды: 286
11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да кәсіби мереке аясында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті. Форумға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева қатысып, ғылым саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Форумға еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген және жетістіктерге қолжеткізген ғалымдар қатысты. Мәліметтерге сүйенсек, әлемдік ғылыми қауымдастықта әйел-ғалымдардың үлес салмағы 30 пайызға жеткен. Ал біздің елімізде, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйел ғалымдардың үлесі 54 пайызды құрайды, бұл 10 мыңнан астам адам. Ал олардың ғылымдағы саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2018 жылы әйел ғылым докторлары саны 595 болса, 2023 жылы ғылым докторы атағын иемденгендер саны 714-ке көбейген.
Форумда ғылымдағы әйелдердің бүгінгі жай-күйі мен жетістіктері айтылып, шешімін күткен мәселелерд талқыланды. Форум барысында «AMANAT» партиясы атынан ғылымдағы, қоғамдық қызметтегі ерен еңбектері үшін қыз-келіншектерге Алғыс хат табысталды. Олардың қатарында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың оқытушылары – С.Жолдасбекова, С.Сәкібаева, Р.Ниязбекова, Г.Отарбаева, Б. Мүтәлиева, Е.В. Мицкая, Н.Даушеева, А.Күзербаева, а.Өтелбаева, П.Парманқұлова бар.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз