Жаңалықтар
ТАШКЕНТ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА
- Қаралды: 290
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Өзбекстан Республикасы Ташкент химия-технологиылық институты арасындағы екі жақты келісім-шарт негізінде және халықаралық ынтымақтастықты арттыру, профессор-оқытушы құрамының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 15 оқытушысы 2024 жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында Ташкент химия-технология институты базасында арнайы жоспар негізінде мамандықтары бойынша тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама бағдарламасы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және кәсіби біліктілік модульдерін қамтиды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз