«ЗАМАНАУИ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

2024 жылдың 11-12 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы Хамитова Барна Махаматовна жас оқытушыларға «Заманауи оқу үрдісінде интерактивті қарым-қатынасты педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға «Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық», «Химиялық инженерия және биотехнология», «Басқару және бизнес» жоғары мектептерінің, «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар оқытушылар қатысты. Семинар барысында жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған интерактивті қарым-қатынас, оқу үдерісін басқару мен өзін-өзі басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар туралы мәселелер қарастырылды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.