Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаевтың қаланың белсенді жастарымен кездесуі.

20.01.2018 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаевтың қаланың және біздің оқу орнымыздың белсенді жастарымен кездесуі өтті. Оқу орнының фойесінде біздің жас өнертапқыштарымыздың ғылыми-техникалық, архитектуралық, шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Жас өнертапқыштар өздерінің жұмыстарын таныстырып, баяндамаларын ұсынды. Бірінші сөз кезегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Ж.Ү. Мырхалықовқа берілді. Өз сөзінде университет ректоры, қазіргі таңда жастарға шығармашылық жұмыстармен айналысуға барлық жағдай жасалғандығын айта келе, қала жастарына өз шығармашылық, өнертапқыштық іздену жұмыстарында жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.