«САЛИҚАЛЫ УНИВЕРСИТЕТ» 2023

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өзінің үшінші миссиясын орындау және зейнет жасындағы аға буын өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсетіп,  бүгінгі күннің қажетті мамандықтары бойынша қайта дайындаудан өткізіп, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Салиқалы университет» жобасын жүзеге асыруда.

Осы мақсатта университеттің Қосымша білім беру орталығы  2023 жылы қараша айының 20-28 жұлдызы аралығында  «Цифрлық куратор» курсын ұйымдастырып, өткізуде. Зейнет жасындағы 16 тыңдаушы курс аясында қолданбалы бағдарламалармен, компьютерлік желілермен және интернетпен, электрондық үкімет ресурстарымен және онлайн платформалармен жұмыс істеу дағдыларын үйренуде.

Курс аясында тыңдаушылар үшін арнайы мәдени-тынығу іс-шаралары да қарастырылған.

Курсты сәтті аяқтаған әрбір тыңдаушыға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.