Жаңалықтар
Педагогикалық шеберлік мектебі
- Қаралды: 451
2018 жылдың қаңтар айының 9-шы жұлдызында университеттің оқытушы-профессорлық құрамының 2017-2018 оқу жылындағы біліктілікті арттыру жоспарын жүзеге асыру және үш тілді білім беру жағдайындағы пәндерді шет тілінде оқытуды жақсарту мақсатында жоспарлы «ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру» және пәндерді ағылшын тілінде өтетін оқытушыларға арналған «Жоғары оқу орындарында пән мен тілді кіріктіріп (CLIL) оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары басталды.
«ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру» курсының оқу бағдарламасында Қазақстандағы және шетелдегі жоғары кәсіби білім берудің даму тенденциялары және білім беру жүйесі қызметінің құқықтық және нормативтік негіздерімен таныстыру; оқытушылардың дәстүрлі және жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне жағдай жасау; тәжірибелі оқытушы-профессорлық құрамның педагогикалық шеберлігін кеңінен тарату, насихаттау қарастырылған.
«Жоғары оқу орындарында пән мен тілді кіріктіріп (CLIL) оқытудың тиімділігі» курсының оқу бағдарламасында CLIL әдісі бойынша оқытудың ерекшелігі, үштілді оқу бағдарламасындағы CLIL әдісі, пәндерді ағылшын тілін пайдаланып оқыту, кіріктірілген сабақ - пәнаралық байланыс көзі және т.б.тақырыптары қамтылған.
Курстардың оқу бағдарламасы 72 сағатқа арналған және Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің мамандандырылған аудиториясында (Бас ғимарат, 205 ауд.) 09.01-19.01.2018ж. мерзімі аралығында өтеді.
Курстарды ойдағыдай аяқтаған тыңдаушыларға бекітілген үлгідегі сертификаттар беріледі.