Жаңалықтар
ҚЫТАЙДА ТЕГІН ОҚУ!!!
- Қаралды: 412
Халықаралық ынтымақтастық аясында China Scholarship Council бағдарламасы бойынша ҚХР-ның келесі ЖОО-ы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері мен оқытушыларына 2018-2019 оқу жылына магистратурада және докторантурада оқу үшін білім гранттарын бөледі:
1. Харбин политехникалық институты
2. Пекин технологиялық институты
3. Сиян университеті Цзяо Тун
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
· үміткерлердің жоғары білімі болуы қажет;
· ҚХР-ң азаматы болмауы тиіс;
· магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің жасы 35-тен аспау қажет және бакалавр дәрежесі болуы қажет;
· доктор дәрежесін алу үшін үміткерлердің жасы 40-тан аспау қажет және магистр дәрежесі болуы қажет;
· академиялық үлгерімі жоғары деңдейде болуы қажет;
· ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеті болуы қажет;
· қажетті деңгейде ағылшын және қытай тілдерін меңгеруі қажет;
Стипендия туралы толық ақпарат
1. Стипендия оқу ақысын, мекендеу және кешенді медициналық сақтандыру шығындарын төлейді.
2. Ай сайынғы студенттерге төленетін стипендия мөлшері:
- Магистранттарға- 3,000 юань
- Докторанттарға- 3,5000 юань
Құжаттарды тапсырудың соңғы күні:
1. Харбин политехникалық институты 15.03.2018ж.
2. Пекин технологиялық институты 28.02.2018ж.
3. Сиян университеті Цзяо Тун 31.12.2017ж.
Бұл бағдарламаға қатысу үшін толық ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Халықаралық байланыстар орталығына келулеріңізді сұранамыз. Мекен-жай:«В» ғимараты, 2-қабат, 217-кабинет Тел.: 21-41-54