AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНАЛАР АШЫЛАДЫ

Auezov University 80 жылдығына орай ғылым және білім саласындағы қайраткерлер атындағы дәрісханалар ашылады.

Атап айтқанда, мерейтой қарсаңында университеттің түлегі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынов пен университет түлегі, меценат Серікжан Сейітжанов атындағы дәрісханалар пайдалануға берілмек.

Заманауи құралдармен жабдықталған дәрісханада Auezov University білім алушылары үшін арнайы сабақтар, кездесулер өткізілетін болады.

Айта кетейік, еліміздегі іргелі көпсалалы жоғары оқу орны – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы 18 қарашада кең көлемде атап өтілмек. Атаулы дата қарсаңында «Білім, ғылым және инновациялар» Халықаралық форумы, ғылыми зертханалар кешенінің ашылуы және өзге де маңызды іс-шаралар бар.

Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 7252 21 43 67

e-mail: auezovpress@auezov.edu.kz


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.