Жаңалықтар
Академиялық процестегі ашықтық пен айқындықты арттыру мәселелері талқыланды
- Қаралды: 369
16.03.2023 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-де академиялық процестегі ашықтық пен айқындықты арттыру мақсатында факультет декандары, кафедралар меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен кездесу өтті.
Іс шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Абишева, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөнінегі проректор Е.Сармурзин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жетекшісі Г.Дулатова академиялық процестегі тәуекелдердің алдын алу, университеттің ішкі тәртіп ережелері мен әдеп стандарттары нормаларын түсіндіру, кері байланыс арналарын хабарлау, заңсыз сыйақы, сыйлықтар алу, беру, ұсынудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, қатысушыларға Академиялық адалдық қағидалары, Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт нормаларын бұзғаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастығы ескертілді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз