Жаңалықтар
Стратегиялық форсайт - сессиялар
- Қаралды: 639
1-6 ақпан аралығында Auezov University - де қызмет бағыттары бойынша проректорлармен, сарапшылармен, факультеттердің/жоғары мектептердің декандары мен кафедра меңгерушілерімен, 2022 жылға арналған факультеттер/жоғары мектептердің Стратегиялық дамуының жүзеге асырылуы және 2025 жылға дейінгі перспективалары шеңберінде стратегиялық форсайт-сессиялар өткізілуде.
Анықтама: Форсайт-қазіргі уақытта қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға және бірлесе атқарылатын іс-қимылдарды жеделдетуге бағытталған болашаққа деген көзқарасты қалыптастырудың жүйелі, бірлескен процесі. Форсайт идеологиясы саяси талдау, Стратегиялық талдау және болжау саласындағы заманауи даму тенденцияларының конвергенциясынан туындайды (EU FOREN Guide).


Осы форматта өтіп жатқан сессия жұмысы, оқиғалардан қосымша оң нәтиже беруде. Пікірталас факультет/жоғары мектеп декандарының Стратегияны жүзеге асыру барысын таныстыру баяндамаларынан басталды. Спикерлердің (факультеттер/жоғары мектеп декандары) сөзінен кейін қатысушылар факультеттердің/жоғары мектептің нақты мүмкіндіктері мен олардың мәселелелері туралы пікірталасқа көшті.
Осылайша форсайт-сессия қатысушылары факультеттің / жоғары мектептің SWOT - талдауын жасай отырып, олар өздерінің тәуекелдері мен қауіптерін анықтады. Зерттеу университетінің моделі бойынша университеттің дамуы қандай жолмен жүреді және 2025 жылы не болады? Университеттің Үшінші миссиясы қалай жүзеге асырылуда; жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өзара әрекеттесу экожүйесін дамыту, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде қайда әкеледі; облыс тұрғындарының әлеуметтік осал санаттары үшін университет қандай әлеуметтік жобалар жасайды.


Бір сөзбен айтқанда, біз түрлі мамандардың күш-энергиясы мен білім-тәжірибесін жинақтай отырып, зерттеу университеті ретінде болашақ дамуымызды болжадық.