Жаңалықтар
«Заманауи оқыту технологиялары»
- Қаралды: 547
«Заманауи оқыту технологиялары»
2023 жылы қаңтар айының 10.01-20.01.2023 мерзімі аралығында университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған «Заманауи оқыту технологиялары» курсы өтуде.
Курс тыңдаушылары аталған курс барысында төмендегі модульдер бойынша теориялық және әдістемелік біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдайды.
- Студентке бағдарланған білім беру, оқыту, бағалау, негізгі принциптері. Университеттің білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз ету.
- Оқу контентінің нақты кәсіптік міндеттермен байланысы.
- ЕСТS білім беру бағдарламаларын даярлау, жүзеге асыру, мониторинг жасау және сапасын қамтамасыз ету құралы.
- Білім беруді трансформациялау трендтері: оқытушының әсері мен ролі.
- ЖОО оқу процесінде оқу және жазу арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту технологиясы.
- Инклюзивті білім беру негіздері. Білім берудегі практикалық психология.
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын қайта жаңғырту.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз