Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым

Жуырда біздің  Шетел студенттермен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде  «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» атты патриоттық ән кеші өтті. Кешке факультетіміздің бас маманы Н.Абилхайыров пен аға тәлімгер А.Жанбай, университеттің тәрбие ісі жөнінен және жастар саясаты департаментінің маманы  Г.Орынбекова, студенттер мен тыңдаушылар қатысты.
Мемлекеттік рәміздерімізге деген жастарымыздың ықылас-құрметін арттыруды көздеген бұл игі шарада Мемлекеттік Ту, Елтаңбамыз бен жаңа Әнұраны беріліп, факультетіміздің талантты тыңдаушылары М.Сәулебек «Атамекен», А.Серікхан «Көзіңнің мөлдірін-ай» әндерін әуелете шырқаса, Б.Қадубек Дина Нұрпейісованың күйін керемет шеберлікпен орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Тартымды да тағылымды шараға куә болған кеш қонақтары факультет әкімшілігі мен өнерлі өрендерге өздерінің шынайы алғыстарын жеткізді.

  

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.