М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы үміткерлерді конкурстық негізде постдокторантураға түсуге шақырады:

- Қазақстан Республикасының 40 жасқа дейінгі философия докторы (PhD) дәрежесі бар немесе оған теңестірілген азаматтары;

- ағылшын тілін еркін меңгерген;

- Web of Science библиометрикалық базасына кіретін халықаралық рецензияланатын басылымдарда кемінде 2 жарияланымы бар (оның ішінде кемінде 1 жарияланымы бірінші және екінші квартиль) немесе Scopus (кемінде 35 процентиль) соңғы 3 жылда, сондай-ақ ғылыми қызметке қатысу, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми бағдарламаларын орындау, шаруашылық келісімшарт және бастамашылық ҒЗЖ жүргізу тәжірибесі болуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

- Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- PhD докторы дипломының көшірмесі;

- ғылыми жұмыстарының тізімі;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына, жобалар мен бағдарламаларға қатысуы туралы мәліметтер (болған жағдайда);

- Scopus деректер базасынан автор туралы мәліметтер және / немесе Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) ақпараттық компаниясының деректер базасынан дәйексөз бойынша есеп. Дәйексөз бойынша есебі және автор туралы мәліметтер мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс: жарияланымдар саны, Хирша индексі (h-index), дәйексөздердің жиынтық (жалпы) саны;

- патенттердің, авторлық куәліктердің көшірмелері;

- үміткердің ғылыми мүдделерінің және постдокторантураға (personal statement) түсу мақсаттарының жоспар-негіздемесі.

Дедлайн:27 қараша 2022 ж.

Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5, 210 бөлме (№3 оқу ғимараты), тел. 872522 300 169

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.