Университетте «Рае Квонг Чунг атындағы жаңа Климаттық экономика орталығы» ашылды

2022 жылдың 31-қазаны күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде  Нобель сыйлығының лауреаты, «Ғаламдық энергия» премиясын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі, «Жарқын болашақ үшін»  атты  Пан Ги Мун Қорының басқарма мүшесі, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, Nobel Fest-2022 форумының құрметті қонағы, профессор Рае Квонг Чунгпен кездесу өтті.

Осы кездесу барысының аясында университетте «Рае Квонг Чунг атындағы  жаңа  Климаттық экономика орталығы» ашылды.  Бұл орталықтың ашылуы  туралы шешім V Нобель фестивалінің  өткізілуі барысында  «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы-ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова мен   Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, профессор Рае Квонг Чунг арасындағы қол қойылған меморандумның  аясында жүзеге асырылды.

Бұл  орталықта  келешекте  жаңа инновациялық  білім бағдарламалары дайындалып, өзекті  ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

«М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова  өз алғысөзінде мәртебелі қонаққа ізгі тілектерін білдіре отырып, аталмыш  орталықтың тұрақты даму, жасыл технологиялар және климат өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін азайту ережелеріне негізделген экономикалық дамудың жаңа үлгісін енгізуді көздейтінін, сонымен қатар оңтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсерін тигізетіндігі туралы әңгімеледі.

Кездесуге келген қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан соңғы жылдарда Шымкент қаласы климатының өзгергендігін және аталмыш саладағы   туындаған   мәселелерді  тек  ғылыми  тұрғыдан күш  біріктіріп қана шешу мүмкін екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар профессор Рае Квонг Чунг кездесу бағдарламасына сәйкес университет студенттері мен оқытушы-профессорларына арналған қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері  өздерін  қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Екі жақты келісім бойынша профессор Чунг университет студенттеріне оқу жылының бойында тұрақты түрде дәріс оқитын болды.

Іс-шара соңында Басқарма төрағасы-ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес профессор Рае Квонг Чунгқа  «М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  университетінің құрметті профессоры» дипломын табыстады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.