Ауезов университетінде климаттық жаңа экономика орталығы ашылды

Ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан университетінің Басқарма басшысы-ректорымен және 2007 жылғы Нобель сыйлығының  лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі профессор Рае Квон Чунг мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында Министр ғылым  мен жоғары білім саласында атқарылып жатқан істерге тоқталды. Профессор Чунг әлемде болып жатқан климаттық өзгерістер туралы айтып, оның экономикаға әсері туралы сһз қозғады. Климаттық өзгерістерге төтеп беруде ғылымның ролі зорекендігі айтылды.

Кездесу соңында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма басшысы- ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова  мен 2007 жылғ Нобель  сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі профессор Рае Квон Чунг арасында меморандумға қол қойылды.

Мемеорандумға сәйкес  екі жақтың келісімінің аясында Әуезов университетінің базасында «Рае Квон Чунг атындағы климаттық жаңа экономика орталығы» ашылады. Орталық тұрақты даму, жасыл технологиялар және климат өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін азайту қағидаларына негізделген экономикалық дамудың жаңа моделін енгізуді  көздейді.

Екі жақтың келісім бойынша  профессор Чунг Әуезов университетінің студенттеріне тұрақты түрде лекция оқиды. Орталық өзге де ғылыми институттармен тығыз байланыс орнатып, инновациялық жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеп, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмек.  
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.