2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялағандығын хабарлайды.

Конкурс  ғылымды дамытудың төменде көрсетілген басым бағыттары бойынша  өткізіледі:

1) Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; 

2) Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

3) Энергетика және машина жасау; 

4) Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

5) Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; 

6) Өмір және денсаулық туралы ғылым; 

7) Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

8) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

9) Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; 

10) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс

Өтінімдерді қабылдау – 2022 жылғы 17 қазаннан басталады.

Өтінімдерді қабылдау - 2022 жылғы 17 қарашада (қоса алғанда) аяқталады.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236).

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру және ақпарат алу: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Тел. 300248, 300857.  16 ғимарат, 210, 218 кабинеттер, эл. почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.